Бурабайға Наурыз мерекесін тойлауға 10 мыңға жуық турист келген

378

Бурабай курортында ҚР Президентінің Іс басқармасы "Бурабай даму" ЖШС және Бурабай кентінің әкімшілігі ұйымдастырған мерекелік шараларға 10 мыңға жуық адам адам қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бурабайға Наурыз мерекесін тойлауға 10 мыңға жуық турист келген Фото: «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметінен

Бұл Бурабайға Наурыз мейрамын тойлауға келген бурабайлықтар мен туристердің рекордтық саны.

Курорт тұрғындары мен қонақтары үшін талантты шығармашылық ұжымдар концерттік бағдарлама ұсынды.

Жиналғандардың барлығына наурыз көже, палау және басқа да ұлттық тағамдар ұсынылды. Сондай-ақ, арқан тарту, армрестлинг, қой көтеру тәрізді түрлі ұлттық ойындар өткізілді.

"Наурыз мейрамы жаңа жылдың, жаңа бастамалардың басталуын білдіреді, бұл ең алдымен жақсылық, бейбітшілік, өзара құрмет пен келісім мерекесі. Көпшіліктің қатысуымен өткен мерекелік шаралар Наурызнамның 10 күнге созылған басты оқиғалары болды", - деді "Бурабай даму" ЖШС баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, бұдан бұрын бес мыңнан астам ақмолалық Наурыз мейрамын дүркіретіп атап өткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу