Буркина-Фасода белгісіз адамдар ауылға шабуыл жасап, 60 адам қаза тапты

465

Бейсенбіде Буркина-Фасоның солтүстігіндегі Корма ауылында елдің Қарулы Күштерінің формасын киген адамдардың шабуылынан 60-қа жуық адам қаза тапты.  

Буркина-Фасода белгісіз адамдар ауылға шабуыл жасап, 60 адам қаза тапты Фото: img8.eadaily.com

Бұл туралы жексенбіде Agence France-Presse жергілікті прокурорға сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz.

"Карма ауылында біздің ұлттық қарулы күштер кейпіндегі адамдар қолынан 60-қа жуық адам қаза тапты", - делінген хабарламада.

Прокурор шабуылдаушылар ауылдан түрлі бағалы заттар ұрлағандарын айтады. Жергілікті тәртіп сақшыларына барлық қатысушыларды табуға және ұстауға бұйрық берілді.

Буркина-Фасо соңғы жылдары Батыс Африкадағы террористік әрекеттің эпицентріне айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу