Бұрын Еңбек вице-министрі болған Ақмәди Сарбасов ұсталды

Ол қазір Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басшысы қызметін атқаратын еді.  

Бұрын Еңбек вице-министрі болған Ақмәди Сарбасов ұсталды Фото: primeminister.kz

Аталған ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі растап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басшысының ұсталғаны туралы ақпаратты растайды. Министрлік тергеу органдарына белгіленген тәртіп бойынша көмек көрсетіп жатыр, – делінген ресми хабарламада.

Еңбек министрлігі тергеу барысына қатысты барлық сұрақ уәкілетті органдардың құзыретіне жататынын ескертуде. 

Айта кетейік, Ақмәди Сарбасов өзге жұмысқа ауысуына байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылған еді. 

Бұған дейін экс-министр Марат Бекетаевтың 9 жылға сотталғанын да жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу