Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының іске асырылу барысы қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда жоспарланған 655 медициналық мекеменің 467-сінің құрылысы аяқталды. Айта кету керек, 175 нысан бұрын медициналық ғимараттармен қамтылмаған ауылдарда, ал 292 нысан ескірген және бейімделген үй-жайлардың орнына салынды.
"80 мыңнан астам отандасымыз қосымша медициналық көмекке қол жеткізді. Бұл шаралар ауыл тұрғындары үшін 456 қосымша күндізгі стационар төсек-орнын орналастыруға мүмкіндік берді. Бұл ауылдардың тұрғындары үшін 174 медицина қызметкері дайындалып, елді мекендерге жіберілді", - деп атап өтті денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.