Бұрынғы Бас көлік прокурорына іздеу салынды

171

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі порталы хабарлады.  

Бұрынғы Бас көлік прокурорына іздеу салынды Фото: Сайттан скрин

Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сүйенсек, іздеу ісі 29 тамызда Алматының Алмалы ауданында тіркелген. Іздеуді прокуратураның бастамасымен Алматы Полиция департаменті Алмалы аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

Мақсат Дүйсенов 1973 жылы дүниеге келген. ІІМ органдарында тергеу және басқарма жұмыстарында, Қаржы полициясында, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде еңбек еткен.

Ол 2018 жылғы тамыздан 2019 жылғы сәуірге дейін Қазақстанның бас көлік прокуроры қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу