Бұрынғы келіншегін ұжымдасының көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қаралы оқиға 27 наурыз күні Құлсары қаласында болған. 

Бұрынғы келіншегін ұжымдасының көзінше өлтірген атыраулық сотталды Фото: azattyq-ruhy.kz

Айыпталушыға прокурор 15 жыл сұраса, жәбірленуші тарап оның өмір бойы бас бостандығы шектелгенін қалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Атырау облысында экс-әйелін жұмыстасының көзінше пышақтап өлтірген ер адамның ісі қаралды. Ер адам емханада заңгер болып қызмет атқаратын бұрынғы жұбайына суық қаруды екі рет сұғып алған. Өкініштісі сол, әйел оқиға орнында тіл тартпай кетті. Сотта ер адамның кінәсі толық дәлелденген. Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі бойынша айып тағылған еді.

Тергеу мәліметтерінен белгілісі, әлеуметтік желіде сотталушы мен оның бұрынғы әйелі арасында кикілжің туындаған. Ашу-ызаға булыққан ер адам оның кеңсесіне бет алған.

Сотталушының адвокаты істі жеңілірек бап, яғни "Қасақана адам өлтіру" бабы бойынша қайта саралауды сұраған. Десе де, сот қылмыстың қоғамдық орында әрі аса қатыгездікпен, кек алу мақсатта жасалғанын ескерген.

Сот айыпталушыны 15 жылға бас бостандығынан айырды және жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарып отыр. Сонымен қатар, марқұмның туған-туыстарына моральдық шығын ретінде өтемақы өндіріп алу туралы шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу