Бұрынғы Қорғаныс министрі қамалды деген ақпарат жалған болып шықты

800

Экс-шенеунік қазір демалыста жүргенін айтты.  

Бұрынғы Қорғаныс министрі қамалды деген ақпарат жалған болып шықты Фото: Қорғаныс министрлігі

Бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов кейбір БАҚ-та тараған қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Tengrinews.kz тілшісі экс-шенеунікке қоңырау шалып, оқиғаның мән-жайын анықтады.

"Біріншіден, тек қана ресми көздерге сенген жөн. Мен қазір демалыстамын. Демалысқа шықпағаныма 3,5 жыл болған", – деді Руслан Жақсылықов.

Сөзінше, қазір ол Астанада үйінде.

Айта кету керек, бұған дейін  Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі қызметінен босатылғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу