Бұрынғы McDonald's мейрамханаларына жаңа ресми атау беріледі

"Food Solutions KZ" компаниясы неліктен мейрамханалардың атаулары өзгергенін түсіндірді.

Бұрынғы McDonald's мейрамханаларына жаңа ресми атау беріледі Фото: Lsm.kz

"Food Solutions KZ" фастфуд мейрамханаларына осы күзде жаңа атау беріледі, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

16 тамызда Қазақстан бойынша "Біз Ашықпыз" мейрамханаларының маңдайшалары "Мен Араймын", "Мен Аружанмын", "Мен Даниярмын", "Мен Юлиямын" және т.б. атаулармен ауыстырылды.

"Бұл біздің адал қызметкерлеріміздің құрметіне арналған науқан. Біз компанияда жұмыс істейтіндердің құндылығын осылай көрсеткіміз келді", - дейді компания.

"Food Solutions KZ" бас директоры Әсет Машановтың айтуынша, алдағы айларда мейрамханалар желісі жаңа атау алып, компанияның фаст-фуд мейрамханалары республика бойынша жұмыс істейтін болады.

"Қазір біз жаңа брендті шығаруға дайындалып жатырмыз, осы бағытта ұзақ уақыт бойы тыңғылықты жұмыс істеп келеміз. Халықаралық брендтен біз ең жоғары стандарттарды қабылдадық және әлі де оларды ұстанамыз. Бірақ қазір бізде жаңа және креативті нәрсені сынап көру еркіндігі бар", - деді Әсет Машанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу