Бұрынғы мемлекеттік қызметкер 5 жылға емес, бір жылға сотталды

788

Бұрынғы мемлекеттік қызметкер 5 жылға емес, бір жылға сотталды

Риддер қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Бауыржан Құрманбаевқа қатысты сот үкімі шықты. Ол 15 сәуірде Риддерде ішімдік ішіп, рөлге отырып, 19 жастағы жігітті көлігімен қағып кеткен болатын. Апат салдарынан көлік қаққан азамат сол жерде көз жұмған.

Сот барысында бұрынғы мемлекеттік қызметкер өз кінәсін толық мойындап, мерт болған жігіттің туғандарынан кешірім сұрады. Прокурор айыпталушыны 5 жыл бас бостандығынан айыруды ұсынды. Ал Бауыржан Құрманбаев әкесінің науқас екенін айтып, өзіне шартты түрде жаза беруді өтінді. Дегенмен сот оны 1 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қатар оған 5 жыл автокөлік басқаруға тыйым салды.

Айта кету керек, жол-көлік оқиғасы болған күні Бауыржан Құрманбаевтың қасында Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев та болған. Оның есімі бұл шулы істе куәгер ретінде ғана аталып жүр. Оған әзірге әдеп кеңесінің шешімімен қызметіне толық сай емес деген ескерту ғана жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу