Бұрынғы мұғалім 16 жастағы оқушы қызды зорлап, оны анасымен бірге өлтіріп кеткен

13901

Күдікті анасын кірпішпен ұрып өлтіріп, сосын қызына азғындық жасады деген ақпарат бар. 

Бұрынғы мұғалім 16 жастағы оқушы қызды зорлап, оны анасымен бірге өлтіріп кеткен Фото: Артем Чурсинов

Түркістан облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі оқиғаны ішінара растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Келес ауданында болған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Білім басқармасы тарапынан "күдікті" деп танылған азаматтың білім саласында қызмет етпейтінін мәлімдейміз", – делінген хабарламада.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, 30 жастағы жігіт мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. 16 жастағы оқушы қызға көзі түсіп, қырындап жүрген. Бірақ оқушы қыздың анасы мектеп директорына шағым түсіргеннен кейін, директор оны жұмыстан босатса керек.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу