Полиция департаменті әйелдің қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғап үлгерген. Ал оқиғаға қатысы бар ер адамның бұған дейін ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылғаны анықталды.
Алдын ала мәлімет бойынша, азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, ер адам әйелге пышақ салған. Әйел оқиға орнында көз жұмған. Осыдан кейін күдікті өз-өзіне қол салуға әрекеттеніп, мойны мен ішіне пышақ сұққан.
Күдікті оқиға орнында ұсталып, ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Қазір ол күзетпен ем қабылдап жатыр.
Полиция ер адамның бұған дейін Алматы облысының Полиция департаментінде қызмет атқарғанын, алайда теріс себептермен қызметтен босатылғанын нақтылады.