Бұрынғы премьер-министрге қастандық жасалды

818

Бұрынғы премьер-министрге қастандық жасалды

Бәзбіреулер Лукас Пападимостың көлігінің ішіне жарылғыш салынған сөмке тастап кеткен. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Саясаткер оны ашып қалғанда, жарылыс болған. 4 адам жараланып, ауруханаға түсті. Арасында экс-премьердің өзі де бар. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір оқыс оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, Лукас Пападимос Эллада елінің премьер-министрі лауазымын 2011-2012 жылдар аралығында атқарды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу