Бустерлік дозаны салдыру қажет пе?

482

Елімізде эпидемиологиялық тексерулер барысында КВИ-мен ауырғандардың 80%-ы егілмеген адамдар немесе 6 ай бұрын екпе алған адамдар екендігі анықталды.

Бустерлік дозаны салдыру қажет пе?

Бустерлік дозаны алған дұрыс. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқызы мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"6 ай сайын бустерлік доза дейміз немесе ревакцинацияны алып отырған дұрыс. Өйткені КВИ-дің қайта-қайта мутацияға ұшырап, әрбір аурудың өршуін беріп отырғанын көріп отырмыз. Еліміз алтыншы толқынға кіріп отыр", – деді Ажар Ғиниятқызы.

Айта кетейік, елімізде егілуге тиісті ересек адамдардың 80%-нан астамы вакцинациядан өтті. Бұл ел халқының 56%-ын құрайды. Ревакцинациямен 5 млн-нан астам адам қамтылды, бұл егілуге тиісті халықтың 68%-ын құрайды. Тәулігіне 14 мыңнан астам адам екпе алып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу