БҰҰ: Әлемдегі халық саны 8 млрд-қа жетті

493

БҰҰ мәліметінше, 2022 жылдың 15 қарашасында әлем халқының саны 8 млрд адамға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

БҰҰ: Әлемдегі халық саны 8 млрд-қа жетті Фото: elements.envato.com

БҰҰ сайтының хабарлауынша, әлем халқының саны 7-ден 8 миллиардқа дейін көтерілуі үшін адамзатқа 12 жыл қажет болған. Болжамдарға сәйкес, 9 миллиардқа шамамен 2037 жылы – яғни 15 жылда жетеміз. Бұл халық санының өсу қарқынының баяулағанын көрсетеді.

"Бұл жалпыадамзаттық құндылықтарымызды мойындауға себеп. Сонымен қатар планетамызға барлығымыз қамқорлық жасауға жауапты екенімізді еске салады", - деді БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш.

Өз мәлімдемесінде БҰҰ Бас хатшысы туу деңгейі ең жоғары көрсеткіш жан басына шаққандағы табысы ең төмен мемлекеттерге тиесілі екендігін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу