Аптап ыстық қазан айына дейін сақталады

88

Бұл туралы БҰҰ ескертті.

Аптап ыстық қазан айына дейін сақталады Фото: seasons-project.ru

Әлемнің көп елінде аптап ыстық қазан айына дейін сақталуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған Эль-Ниньо құбылысы мен адам әрекеті, әсіресе қазба отынды өндіру және жағу әсер етіп отыр.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай құрғақшылықты күшейтіп, орман өртінің, су тасқыны мен нөсер жауынның жиілеуіне әкеледі. Осыған байланысты БҰҰ климаттың өзгеруімен күреске бағытталған шараларды күшейтуге шақырды.

Биыл Еуропада ірі орман өрттері тіркелсе, Үндістан, Қытай, Пәкістан және Ауғанстанда су тасқынынан жүздеген адам опат болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу