22 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясының апталығы басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясының негізгі тақырыбы – "Сенімді қалпына келтіру, өзгерістерді басқару: барлығының мүддесі үшін әрекет ететін БҰҰ".
Пікірталастар 22-26 қыркүйек және 28 қыркүйек күндері өтеді. Жиын барысында мемлекеттер халықаралық қауіпсіздік, тұрақты даму, климаттың өзгеруі, адам құқықтары, жаңа технологиялар мен жасанды интеллектіні реттеу, сондай-ақ Біріккен Ұлтатр Ұйымын реформалау мәселесі қаралады. Таяу Шығыс пен Украинадағы соғыс және БҰҰ-ның болашағы да басты тақырыптың бірі болмақ.
Осы жолғы сессияға Ресей, Қытай және Солтүстік Корея басшылары қатыспайды.
Ал, Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді басқарады. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы пікірталасында сөз сөйлеп, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездеседі.
Сондай-ақ Қазақстан сыртқы істер министрінің БҰҰ-ға мүше елдердің сыртқы саясат ведомстволары басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен және шетелдік бизнес өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесуі жоспарланған.
