БҰҰ Бас ассамблеясының төрағасы болып түрік дипломаты сайланды

665

178 елдің өкілі Волкан Бозкырды жақтап дауыс берген.

БҰҰ Бас ассамблеясының төрағасы болып түрік дипломаты сайланды

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының уақытша төрағасы сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтарына сілтеме жасап.

БҰҰ Бас ассамблеясының залында Ассамблеяның 75-ші сессиясының төрағасы сайланды. Сайлау ерекше форматта өтті. Әр елдің делегаты маска киіп, бір-біреуден ішінде ешкім жоқ бос залға келіп дауыс берді. Сосын олар тез арада БҰҰ штаб-пәтерінен кетіп қалды.

Дауыс беру нәтижесі бойынша түрік дипломаты, саяси қайраткер Волкан Бозкыр БҰҰ Бас ассамблеясының 75-ші сессиясының төрағасы болып сайланды.

Айта кетейік, Бас ассамблея төрағасы бес аймақтық топ арасындағы ротация қағидасын сақтай отырып сайланады. 75-ші сессия төрағасы Батыс Еуропа мен сол маңайдағы басқа да елдер арасынан шығуға тиіс болатын. Ол елдердің қатарына Түркия да кіреді.

Аталған аймақтық топ түркиялық дипломаттың кандидатурасын бірауыздан мақұлдап ұсынған. Одан басқа ешқандай үміткер болмағанда дауыс берудің қажеті болмас еді. Алайда бірнеше ел сайлау өткізуді өтінді. Нәтижесінде 178 елдің өкілі Волкан Бозкырды жақтап дауыс берген.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес бес жаңа мүшесі сайланғанын хабарлаған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу