БҰҰ Бас хатшысы Әзербайжан СІМ басшысымен кездесті

467

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Нью-Йоркте Әзербайжан СІМ басшысы Джейхун Байрамовпен Армения-Әзербайжан шекарасындағы шиеленісті талқылады. 

БҰҰ Бас хатшысы Әзербайжан СІМ басшысымен кездесті

Гуттериш тараптардың атысты тоқтату режимін сақтайтынына үміт білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz БҰҰ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бас хатшы Әзербайжан СІМ басшысы Джейхун Байрамовпен Әзербайжан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты талқылау мақсатында кездесті. Олар Армения мен Әзербайжан арасындағы шекарадағы оқиғалар туралы пікір алмасты. Бас хатшы атысты тоқтату жайлы уағдаластық сақталады деген үмітін білдірді және БҰҰ екі ел арасындағы шиеленісті бәсеңдету жолында барлық күш-жігерді қолдайтынын атап өтті", – делінген хабарламада.

Динара Мұрат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу