БҰҰ Бас хатшысы Газадағы атысты тоқтату жөніндегі саммитке қатысады

330

Бұл жиын 13 қазанда Египеттің Шарм-эш-Шейх қаласында өтеді.

БҰҰ Бас хатшысы Газадағы атысты тоқтату жөніндегі саммитке қатысады Фото: Анадолы агенттігі

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Газадағы атысты тоқтату туралы келісімге арналған "Бейбітшілік саммитіне" қатысады, деп хабарлады inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

БҰҰ баспасөз қызметінің мәліметінше, Гутерриш дүйсенбі күні саммитке қатысу үшін Египетке аттанады.

Египет президенті Абдель Фаттах ас-Сисидің кеңсесі хабарлағандай, жиынға 20-дан астам елдің басшылары шақырылған.

10 қазанда Израиль әскері Газадағы атысты тоқтату туралы келісім Мәскеу уақытымен сағат 12:00-де күшіне енгенін мәлімдеді. Әскерилер өздерінің жаңа дислокация шептерін бекітіп, сол сәттен бастап 72 сағат ішінде ХАМАС және оның одақтастары ұстаған тұтқындар босатылуы тиіс екенін айтты.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі хабарлауынша, үкімет тірі және қаза тапқан түгел тұтқындарды босату жөніндегі келісімді мақұлдады.

Ал 9 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен ХАМАС өкілдері Египетте өткен консультациялар барысында бейбіт жоспардың алғашқы кезеңі бойынша келісімге келгенін мәлімдеген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу