БҰҰ Бас хатшысы Путинді Украинаға шабуыл жасамауға шақырды

862

Путин Донбаста әскери операция жүргізетінін мәлімдеді.

БҰҰ Бас хатшысы Путинді Украинаға шабуыл жасамауға шақырды

БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ресей президенті Владимир Путинді сарбаздарды Украинаға шабуыл жасатпауға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мен шын жүректен мына нәрсені айтқым келеді. Президент Путин, әскери күштеріңізді Украинаға шабуыл жасаудан тоқтатыңыз. Бұған дейін қаншама адам қаза тапты", – деді Гутерриш БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында.

"Мен бүгін таңертең БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының отырысында айтқанымды растағым келеді. Күні бойы бірқатар оқиға болды. Сонымен бірге бүгін Украинаға шабуыл сөзсіз жасалады деген қауесеттер көп болды. Мен оларға ешқашан сенбедім, ештеңе болмайды деп ойлаған едім. Алайда мен қателестім", – деді ол.

23 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Донбаста арнайы әскери операцияның басталғанын жариялады. Ол Украина әскерилерін дереу қару-жарақтарын тастап, үйлеріне қайтуға шақырды.

Украиналық БАҚ хабарлауынша, Киев, Харковь, Борисполь және Мариуполь қалаларында жарылыс болды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу