БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі Нұр-Сұлтанға келмейтін болды

691

Нұр-Сұлтандағы Сирия бойынша халықаралық кездесудің кезекті раундына шақырылған барлық тараптар қатысатынын растады.

БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі Нұр-Сұлтанға келмейтін болды

1-2 тамызда Нұр-Сұлтанда өтетін Сирия бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық кездесудің кезекті 13-ші раундына барлық шақырылған тараптар қатысатындықтарын растады, деп хабарлады СІМ.

Атап айтқанда, Ресей делегациясын РФ Президентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясын ТР сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары Седат Онал басқарады. Иран делегациясына Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі жоғары көмекшісі Али Асгар Хаджи басшылық етеді.

Сонымен бірге, аталған кездесуге Сириядағы екі қақтығысушы тарап – Сирияның БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі Башар әл-Джаафари бастаған САР үкіметтік делегациясы және Ахмад аль-Тоума бастаған қарулы оппозиция қатысады.

Өкінішке қарай, БҰҰ бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы өкілі Гейр Педерсен денсаулығына байланысты алдағы келіссөздерге қатыса алмайтын болады. БҰҰ делегациясын оның орынбасары басқарады.

Бұған қоса, осы күндері сирияаралық келіссөздер шеңберінде өтетін тұтқындарды босату, қаза тапқандардың денелерін табыстау және із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобының кезекті кездесуіне қатысу үшін БҰҰ Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдері Нұр-Сұлтанға келеді.

Бұрын өткен сирияаралық келіссөздерге ұқсас, бірінші күні "жабық есік" жағдайында екіжақты және көпжақты техникалық консультациялар, ал келесі күні жалпы отырыс өтеді. Екі күндік келіссөздердің негізгі нәтижелері Астана процесінің кепілгер мемлекеттерімен қабылданатын бірлескен мәлімдемесінде баяндалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу