БҰҰ басшысы Антонио Гутерриш хантавирусқа қатысты болжам жасады

318

MV Hondius круиздік кемесінен шыққан хантавирустың қоғамда өршу қаупі төмен.

БҰҰ басшысы Антонио Гутерриш хантавирусқа қатысты болжам жасады Фото: un.org

Бұл туралы 2026 жылдың 11 мамырда БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ол X платформасындағы аккаунтында аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Қазіргі уақытта вирустың адам денсаулығына қаупі төмен болғанымен, MV Hondius кемесінің жолаушылары мен экипажын қоса алғанда, барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге денсаулық сақтау саласындағы халықаралық күш-жігерді бағыттау маңызды", – дейді Гутерриш.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ) бірге хантавирустың өршу ықтималдылығын бақылау үшін шаралар қабылдап жатқан барлық мемлекеттің билігін қолдайтынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу