БҰҰ Францияның Олимпиада ойындарында хиджабқа тыйым салуын сынға алды

377

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі басқармасы француз билігінің Францияда өтетін 2024 жылғы Олимпиада кезінде спортшылардың хиджаб киюіне тыйым салу туралы шешімін сынға алды.

БҰҰ Францияның Олимпиада ойындарында хиджабқа тыйым салуын сынға алды Фото: Голос Ислама

Күні кеше БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының өкілі Мария Уртадо сөз сөйлеп, француз билігінің алдағы ойындарда спортшыларына хиджаб киюге тыйым салу туралы шешімін сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz CNN-ға сілтеме жасап.

"Ешкім әйелге нені киіп, нені киюге болмайтынын айта алмайды. Жалпы, Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің пікірінше, Конвенцияға қатысушы кез келген мемлекет, бұл жағдайда Франция екі жыныстың да төмендігі немесе үстемдігі идеясына негізделген кез келген әлеуметтік немесе мәдени модельдерді өзгерту үшін барлық тиісті шараларды қабылдауға міндетті",-деді Мария Уртадо.

Уртадо Францияның спорт министрі Амели Удеа-Кастера екі күн бұрын француз спортшыларына келесі жылы Париж Олимпиадасында хиджаб киюге рұқсат етілмейтінін айтқаннан кейін мәлімдеме жасады.

Министрлік сонымен қатар француз командалары "мемлекеттік қызметтің бейтараптық принципіне" бағынады деп мәлімдеді. Осылайша, "ұлттық немесе халықаралық спорттық жарыстарда Францияның атынан шыққан кезде хиджаб (діни көзқарасты көрсететін киім немесе кез-келген басқа аксессуар) киюге болмайды".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу