БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Иранға қарсы қарар қабылдады

99

Қарарды Ресей мен Қытай қолдаған жоқ.    

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Иранға қарсы қарар қабылдады Фото: un.org

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ираннан Парсы шығанағындағы көршілес мемлекеттерге жасалған шабуылдарды дереу тоқтатуды талап ететін қарар қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құжатты Қауіпсіздік Кеңесіне мүше 15 елдің 13-і қолдап дауыс берді. Бастамашылар ретінде Иорданиямен бірлесіп Парсы шығанағы елдері (БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт және т.б.) шықты. Мәтінде Тегеранның әрекеттері халықаралық құқықты бұзатыны және жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіретіні атап көрсетілген.

Қарардың негізгі талаптары:

  1. Шабуылдарды тоқтату: Көрші елдердің аумақтарына соққы беруді дереу тоқтату.
  2. Кеме қатынасы: Мұнай экспорты жүретін аса маңызды көлік артериясы – Ормуз бұғазын бұғаттауды айыптау.
  3. Деэскалация: Аймақтағы шиеленісті азайтуға шақыру.

Ресми Тегеран БҰҰ шешімін "саяси қиянат" деп атады. Иран өкілі Әмір Саид Иравани елдің өзі "агрессия құрбаны" екенін мәлімдеді.

Cонымен қатар құжатта Иранға қарсы әскери қимылдарды бастаған АҚШ пен Израиль туралы ешқандай сөз қозғалмаған.

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы жағдай 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің "Эпикалық қаһар" (Epic Fury) атты ауқымды әскери операциясы басталғаннан кейін күрт шиеленісті. Әуе соққылары барысында Иранның жоғарғы басшылығы, соның ішінде аятолла Әли Хаменеи қаза тапты. Бұған жауап ретінде Тегеран Израиль нысандары мен көрші елдердегі АҚШ әскери базаларын атқылай бастады, бұл азаматтық нысандардың зақымдануына әкеп соқты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу