БҰҰ гуманитарлық мәселелер бойынша бас хатшының орынбасары Марк Лоукок Мьянма босқындарына көмек көрсету үшін 7 млн доллар бөлінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Вnews.kz.
"CERF – адамдарға көмек көрсетудің ең жылдам түрі болып табылады. Қор қосымша азық-түлік пен тұрғылықты жерлер қарастырып, жағдайы мүшкіл жандарға медициналық көмек көрсетеді", - деді Лоукок.
Сонымен қатар ол Мьянманы тастап қашып жатқандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен гуманитарлық көмек көрсетуде кедергі келтірмеуге шақырды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        