БҰҰ Құран, басқа да қасиетті кітаптардың өртенуін айыптайтын қаулы қабылдады

488

Бұл туралы ұйымның хабарламасында айтылады.  

БҰҰ Құран, басқа да қасиетті кітаптардың өртенуін айыптайтын қаулы қабылдады Фото: phonoteka.org

Біріккен Ұлттар Ұйымы Құранның өртенуін айыптайтын қаулы қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz БҰҰ хабарламасына сілтеме жасай отырып.

"БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Құранды қорлау үшін жасалған қоғамдық әрі қасақана әрекеттерді айыптайды және мұндай дінге қарсы жауыздық үшін кінәлілерді Халықаралық адам құқықтарынан туындайтын мемлекеттердің міндеттемелеріне сәйкес жауапқа тарту қажеттілігін атап көрсетеді", — делінген құжатта.

Сонымен дауыс беру нәтижелері келесідей болды:

28 елдің өкілдері "қолдап" дауыс берді;

12 ел:

  • Бельгия,
  • Коста-Рика,
  • Чехия,
  • Финляндия,
  • Германия,
  • Литва,
  • Люксембург,
  • Черногория,
  • Румыния,
  • Ұлыбритания мен АҚШ - "қарсы"; жеті делегат өз ойын білдіруден бас тартты.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу