БҰҰ мүше елдер мұхиттарды қорғау туралы келісімді мақұлдады

582

100-ден астам елдің өкілдері БҰҰ-ның ашық теңізді қорғау туралы келісімге отыру процесін аяқтады.  

БҰҰ мүше елдер мұхиттарды қорғау туралы келісімді мақұлдады Фото: pixabay.com

Бұл келісімнің арқасында 2030 жылға таман олардың 30%-і қорғалатын акваторияға айналуы тиіс, деп жазады inbusiness.kz.

Экологтар қауымының пікірінше, бұл - теңіз биоәртүрлілігінің жойылуына қарсы және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге сеп көптен күткен қадам.

Енді бұл аумақтарда кешенді экологиялық тексерулерден кейін ғана кеме қатынасы, су асты бұрғылау жұмыстары мен балық аулауға рұқсат етіледі. Ал қазір мұхиттың тек 1,2%-і ғана қорғалатын аймаққа жатады. Негізі келісім 20 жылдай дайындалған. Осы уақыт бойы халықаралық бірлестікке мүше елдер бір мәмілеге келе алмаған. Әсіресе балық аулау квоталарына қатысты келіспеушілік болған.

"Ұзақ жылдан кейін ақыры бір мәмілеге келдік. Енді техникалық тұстары қалды. Осыдан кейін құжат алты тілге аударылып, кейіннен бекітілетін болады", - деп мәлімдеді БҰҰ-ның Дүниежүзілік мұхит және теңіз құқығы сұрақтары жөніндегі елшісі Рена Ли.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу