БҰҰ: Сирияның конституциялық комитеті құрылады

926

Келесі аптада комитет мүшелері Женевада кеңейтілген құрамда кездесуге тиіс.   

БҰҰ: Сирияның конституциялық комитеті құрылады

БҰҰ бас хатшысы Сирияның конституциялық комитеті құрылатындығын ресми жариялады. Оның құрамына Президент Башар Асад билігі өкілдері мен оппозиция мүшелері кірмек. Демек, Таяу Шығыстағы 8 жылға созылған соғыстың ақыры тоқтарына үлкен үміт бар.

Антонио Гутерриштың айтуынша, бұған дейін комитет жұмысы көктемде басталуға тиіс болған. Бірақ АҚШ мерзімді кешеуілдетіп жіберді.

Сирияның сыртқы істер министрі Валид аль-Моаллем ресми Дамасктің терроризммен күресті бәрібір тоқтапайтынын және оны халықаралық ережеге сәйкес жүргізетіндігін мәлімдеп отыр.

Келесі аптада комитет мүшелері Женевада кеңейтілген құрамда кездесуге тиіс.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу