"Buyers Union" қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

157

Пирамида ұйымдастырушысы екі айға қамауға алынды. 

"Buyers Union" қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды Фото: inbusiness.kz

2025 жылғы 26 ақпан күні Қаржылық мониторинг агенттігі кең ауқымды операция жүргізіп, тұтынушылық кооператив ретінде жасырылған "Buyers Union" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Салымшыларды жылжымайтын мүлік, көлік сатып алуға және Trade in және ReFinance бағдарламаларына қатысып инвестиция салуға үгіттеген. 

Сонымен қатар, кооператив жеке тұлғалардың қаражатын тартудан дивидендтер алу мүмкіндігімен менеджер болып жұмыс істеуге мүмкіндік берген. 

Кооперативке қатысудың міндетті шарттарының бірі өмірді сақтандыру үшін ай сайын 30 мың теңге төлеу және сатып алынатын мүліктің құнынан 10%-дық жарна төлеу болған.

Маңыздысы, кооператив салымшыларға ақша алғаны туралы ешқандай құжаттарды ұсынбаған, ал салым сомасы тек пайдаланушылардың жеке кабинетінде көрсетілген.

Нәтижесінде, пирамидаға 250-ден астам салымшы тартылып, 300 млн теңгеден астам қаражат салған. 

Пирамида ұйымдастырушысы екі айға қамауға алынды. 

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. 

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етугежатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу