Былтыр 100-ге жуық павлодарлық шетел азаматтарымен некелескен

988

Былтыр 100-ге жуық павлодарлық шетел азаматтарымен некелескен

2016 жылы Павлодар қаласынан шетел азаматтарына 38 қыз тұрмысқа шыққан. Аруларымыздың көпшілігі Ресей мен Еуропа елдеріне кеткен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар қалалық АХАТ бөлімінің бас маманы Жанар Тоқаеваның айтуынша, өткен бір жыл ішінде шетел азаматтарымен отбасын құрған 97 неке тіркелген.

Былтыр шетелдіктермен көңіл қосқандардың көбі ер азаматтар. Яғни, 59 жігіт өмірлік жарын өзге мемлекеттен таңдаса, 38 қыз шетел жігітімен көңіл жарастырып, тұрмысқа шыққан. Шет мемлекетке ұзатылған 38 қыздың сегізі - қазақ, қалған 30-ы - өзге ұлттың өкілі. Павлодарға келін болғандардың көбі көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Украин елдерінің қыздары. Ал, павлодарлық арулардың көбі Ресей Федерациясына және Германия, Грекия, Италия сынды мемлекеттердің азаматтарымен некелескен.

Маманнның сөзінше, шетел азаматтарымен некелескендердің көбі 25-27 жастағылар. Жалпы, мұндай аралас некенің саны жыл сайын азайды немесе артты деп дөп басып айтуға келмейді. Бұл әр жылы үйленгендер мен тұрмыс құрғандардың санына байланысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу