Былтыр 11,4 мың қазақстандық маман шетел асқан

837

Сырттан келген жұмыс күші 3,5 есе аз.

Былтыр 11,4 мың қазақстандық маман шетел асқан

Өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша елімізден 15 жастан асқан 11,4 мың маман кетіп қалған, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі, ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Пандемияға байланысты жабылып қалған шекараларды ескерсек, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 33,8% төмен. 

Өңірлер бойынша мамандардың көбі Қарағанды облысынан өзге елге қоныс аударған. Яғни, 1,7 мыңнан аса адам. Одан кейінгі орында 1,6 мың маман көрсеткішімен Шығыс Қазақстан облысы. Үшінші орында 1,4 мың адам шетел асқан Қостанай облысы және Павлодар облысы. Ал мамандары ең аз сыртқа кеткен өңірлер Қызылорда (23 адам) және Түркістан облыстары (29 адам).

Қазақстаннан кеткен азаматтардың жартысынан көбінің мамандықтары техникалық (3,3 мың), экономикалық (1,7 мың) және педагогикалық (1 мың) бағытта.

Сонымен қатар 561 медицина қызметкері, 387 заңгер, 280 сәулетші және құрылысшы, 155 ауыл шаруашылығының маманы шетел асқан.  

Бұл ретте 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Қазақстанға сырттан 3,5 мың маман келген. Яғни, шетелден келген жұмыс күші елден кеткендерден 3,5 есе аз. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу