Былтыр 127 ел пластиктен жасалған бір реттік өнімдерді пайдалануға шектеу қойды

1886

30 елде пластмасса пакеттерді пайдалануға төлем енгізілді, тағы 27 елде қоршаған ортаға зиянды материалдарға мүлде тыйым салынды.

Былтыр 127 ел пластиктен жасалған бір реттік өнімдерді пайдалануға шектеу қойды

2018 жылы 127 ел пластиктен жасалған бір реттік өнімдерді пайдалануға шектеу қойды, 30 елде пластмасса пакеттерді пайдалануға төлем енгізілді, тағы 27 елде қоршаған ортаға зиянды материалдарға мүлде тыйым салынды. Бұл туралы БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының (ЮНЕП) есебінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2018 жыл шиеленіскен жағдайларға толы болды, дегенмен әлемде бизнесті экологиялық проблемаларды шешетіндей етіп жүргізуге ұмтылыс байқалады", — дейді ЮНЕП басшысының міндетін атқарушы Джойс Мсуя.

Мсуя ханымның айтуынша, бұл ретте БҰҰ-ның рөлі орасан зор. Келелі келіссөздердің арқасында қол жеткізілген нәтижелер де баршылық. Атап айтқанда, Үндістан 2022 жылға қарай пластмассадан жасалған өнімдерден толықтай бас тартуды өз міндетіне алып отыр. Жыл сайын әлемде 1,3 млрд тонна азық-түлік өнімдері қоқысқа шығарылады. ЮНЕП өте қарапайым шаралардың көмегімен, мәселен, азық-түлік өнімдерін сақтау шарттарын өзгерту арқылы қоқыс көлемін қысқартуды ұсынып отыр.  

ЮНЕП-тің баяндамасында, бұдан тыс, ғимараттарды жылыту мен салқындатудың экологиялық әдістері, жануарлардың жойылып бара жатқан түрлерін және био әралуандықты сақтап қалу шаралары, озон қабатын қорғау, т.б. мәселелер айтылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2019 жылдың басынан Оңтүстік Корея билігі табиғи ресурстарды сақтау және қоқысты азайту мақсатында супермаркеттерде полиэтилен пакеттерді пайдалануға тыйым салғанын хабарлаған болатынбыз.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу