Былтыр 244 жұмысшы өндірістік жарақат салдарынан қаза тапты

793

Былтыр 244 жұмысшы өндірістік жарақат салдарынан қаза тапты

Былтыр 1 700-ге жуық жұмысшы өндірістік жарақат алып, оның 244-і жан тапсырған, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл жағдайды еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті хабарлады. Жұмысшылардың дені жылжымалы техникалардың құлауы мен ауыр заттардың басып қалуынан және биіктіктен абайсызда құлап кету салдарынан қаза тапқан.

Десе де, соңғы 3 жылдың ішінде өндірістік жарақат алғандардың қатары 16%-ға азайды. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайдың орын алуына көбінесе жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын орындамауы себеп. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу