Былтыр 60 мың тоннаға жуық дайын балық өнімі өндірілді

345

Қазақстанда балық өнімдері нарығының көлемі 76,8 мың тоннаға жетіп, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10%-ға өсті.  

Былтыр 60 мың тоннаға жуық дайын балық өнімі өндірілді Фото: gov.kz

Есепті кезеңде 38,5 мың тонна балық ауланып, 20,9 мың тонна тауарлық балық өсірілді. Аулану көлемі 10%-ды, ал аквашаруашылық бойынша өсім көлемі 22%-ды құрап, саланың қарқынды дамуын көрсетіп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қазіргі уақытта Қазақстанда халықаралық және республикалық маңызы бар 20 су айдыны бар, олар 366 балық шаруашылығы учаскесіне бөлінген.

Балықты өңдеумен жылдық өндірістік қуаты шамамен 120 мың тоннаны құрайтын 72 кәсіпорын айналысады. Оның ішінде 20 кәсіпорын Еуропалық одақ елдеріне өнім экспорттауға құқылы. Қазақстандық балық өнімдері Германия, Нидерланды, Ресей және Қытайды қоса алғанда, әлемнің 21 еліне жеткізіледі. 2025 жылдың 11 айында шамамен 59,4 мың тонна дайын балық өнімі өндірілді.

Өңдеу көлемін одан әрі арттыру үшін қосылған құн салығын 70%-ға төмендету, жылдық 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелеу сияқты мемлекеттік қолдау шаралары көзделген.

Биоалуантүрлілікті сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылы Каспий итбалығы популяциясын сақтау мақсатында аумағы 108,6 мың гектарды құрайтын "Каспий итбалығы" мемлекеттік табиғи резерваты құрылды.

Сондай-ақ Атырау бекіре балық өсіру зауытын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, бұл бекіре тұқымдас балық шабақтарын шығару көлемін жылына 5 миллионнан 7,5 миллионға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Саладағы инвестициялық белсенділікте оң көрсеткіш көрсетуде. 2021-2024 жылдар аралығында аквашаруашылық саласында жалпы сомасы 21,4 млрд теңгені құрайтын 87 жоба іске асырылды. 2025 жылдың 11 айында балық шаруашылығын дамытуға 4,6 млрд теңге инвестиция салынды.

2025 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында бағалы балық түрлерінің 21,92 миллион шабақ өсіріліп, су айдындарына жіберілді. Мемлекеттік балық питомниктерін жаңғырту нәтижесінде олардың өндірістік қуатын жылына 18,4 миллионнан 80,5 миллионға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу