Былтыр айналымнан 13,3 миллион теңгенің жалған тауары алынған

787

Кінәлі тұлғаларға 2 млн 991 мың 820 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Былтыр айналымнан 13,3 миллион теңгенің жалған тауары алынған

Алматы әділет департаментінің  зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлім 2018 жылы айналымнан 13,3 млн теңгенің жалған тауарларын алып тастаған, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан. 

"Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 13 млн 270 мың 203 теңге болатын 12839 бірлік және 1,976 кг азық-түлік алынып тасталды", ­ деп жазылған әділет департаменті баспасөз хабарламасында. 

2018 жылы тексеріс барысында LouisVUITTON (сөмкелер), Hyundai, KIA СTR, SKF автобөлшектерін, Colgate тіс пастасын, Тойота/ Лексус бөлшектерін, StarLine автомобиль дабылқаққышын, Mobil мотор майын, SchneiderElectric, Samsung сияқты брендтердің жалған тауарын заңсыз сату фактілері анықталған.     

Тексеріс қорытындысы бойынша, 45 әкімшілік іс қозғалды.       

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық соты барлық кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартып, 2 млн 991 мың 820 теңге көлемінде айыппұл салған.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу