Былтыр Алматы экономикасына 476 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

145

Барлығы 28 инвестициялық жоба жүзеге асырылған.  

Былтыр Алматы экономикасына 476 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы өкілдері айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа жобалар өңдеу өнеркәсібі, туризм, денсаулық сақтау, көлік және логистика секілді негізгі салаларды қамтыды. Соның нәтижесінде қалада 6,7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Жалпы инвестицияның басым бөлігі 440,5 млрд теңгеге тең 6 ірі жобаға тиесілі. Бұл бастамалар өндірістік қуатты арттырып, өнеркәсіп әлеуетін күшейтуге және жергілікті өндірісті дамытуға мүмкіндік берді.

2026 жылы инвестициялық саясат жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға, импортты алмастыруға және индустриялық инфрақұрылымды кеңейтуге бағытталмақ.

"Негізгі жобалардың арасында "Алатау" ИТП" АЭА аумағында Viva Pharm компаниясы салып жатқан толық циклді фармацевтикалық зауыт бар. Кәсіпорын жылына 200 млн таблеткаға дейін өндіре алады.

Сондай-ақ, Алматы индустриялық аймағында Sapa Industry Group автоклавты жеңіл бетон шығаратын зауыт құрылысын жүргізіп жатыр. Мұнда жыл сайын 50 мың текше метр қабырға панельдері мен 150 мың текше метр газоблок өндіріледі", – делінген әкімдік таратқан хабарламада.

CA-International компаниясы жылына 4 мың тоннадан астам өнім шығаратын табақты поливинилхлорид өндірісін іске қоспақ.

Бұған қоса, NARPRINT компаниясы тұрмыстық және шаруашылыққа арналған қағаз өнімдері мен жапсырма өнімдерін шығаруды қолға алады. Жоспарланған өндіріс көлемі жылына шамамен 830 тонна.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, жаңа өндірістердің іске қосылуы қосымша жұмыс орындарын ашып, қаланың өнеркәсіптік әлеуетін кеңейтіп, Алматының инвестициялық тартымдылығын арттыра түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу