Былтыр Алматы облысында кәсіпкерлікке 58 млрд теңгеге жуық қаржы құйылды

863

Былтыр Алматы облысында кәсіпкерлікке 58 млрд теңгеге жуық қаржы құйылды

Өткен жылы  өңірдегі  шағын және орта бизнеске 57,84 млрд теңге қаржы құйылып, екі мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылды.

"Мәселен "Бизнестің жол қартасы 2020" бағдарламасы шеңберінде субсидиялауға кәсіпкерлердің жүз елу шақты жобасы мақұлданып, несиелердің жалпы сомасы 39,04 млрд теңгені құрады. Әсіресе, қолдауға ие болған ауыл кәсіпкерлеріне төленген субсидиялардың көлемі де қомақты. Мақұлданған жобаның басым бөлігі Қарасай, Талғар және Іле аудандарының еншісінде. Субсидияға ие болғандардың жалпы санының 73%-ы ауыл кәсіпкерлері", – дейді "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры Алматы облыстық филиалының директоры Бахыт Мұсаев. 

 Екінші деңгейлі банктерге қаражатты келісіп орналастыру бағдарламасы аясындағы тоғыз жүзден аса жобаға "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қорының кепілдігі бойынша банктер 2,87 млрд теңге несие беріпті. Әсіресе, "Банк Kassa Nova" АҚ, "Сбербанк" ЕБ АҚ, "Евразийский банк" АҚ және "Альфа банк" ЕБ АҚ көп қолдау танытқан.  Соның ішінде кәсіпкерлікті өрістетуге өз үлесін қосып жүрген қыз-келіншектер де бар.

"Шағын кәсіпкерліктің микроқаржы ұйымдары арқылы (KMF) қолдау шеңберінде 93,9 млн. теңгеге сексенге жуық жобаны жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі және "Даму" қоры шағын және орта бизнесті жеті пайыздық өсіммен қаржыландыру жобасы аясында 3 млрд теңге бөліп, оған "Bank RBK" АҚ, "Астана Банк" АҚ, "Казкоммерцбанк" АҚ және "Халық Банк" АҚ үлес қосты. Бүгінде осы қаражаттың 94,4 %-ы игерілді", – дейді филиал директоры

 Былтыр "Даму" қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы қаржылық олдаудан бөлек он мыңнан аса адамға қызмет көрсетіп, он үш мыңнан аса кеңес берген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу