Былтыр аралас отынмен жүретін көліктер екі еседен артық көбейді

942

Былтыр жанар-жағармай бағасы 23,2%-ға өсті. Соңғы айында 0,6%-ға көтерілген. Оның ішінде газ бағасының өсуі 12,9%-ды құрады. Бензин бірден 19,6%-ға қымбаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеп.

Былтыр аралас отынмен жүретін көліктер екі еседен артық көбейді

Соңғы айдағы қымбатшылық Алматы облысы мен Алматы қаласында қатты байқалды (1,2%). Ал жылдық динамикада Батыс Қазақстан облысында баға бірден 28,2%-ға өсті. Содан кейін Ақмола (26,3%) мен Солтүстік Қазақстан (26,2%) облыстары бар.

2021 жылғы 1 қарашадағы есепке сай, елде 3,8 млн жеңіл автокөлік болған.

Автомобильдердің басым бөлігі Алматы облысында тіркелген (476 мың қаражат). ТОП-3 құрамына Алматы қаласы (461,7 мың) мен Түркістан облысы (312,1 мың авто) кірді.

Жеңіл автомобильдердің басым бөлігі (3,3 млн-ы) бензин жағады. 74,1 мың авто дизель отынымен жұмыс істейді. Газ пайдаланатындары небәрі – 3,9 мың. Бұл – барлық көліктің 0,1%-ы. 500 автомобиль электр отынын пайдаланады. Бензин, газбаллон және электр отыны түрлерін аралас қолданатын мәшинелер саны – 296,6 мың. 

Айта кету керек, бес жыл ішінде газбен жүретін автомобильдер саны – 5,8%, аралас отынмен жұретіндер 2,7 есе артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу