Былтыр Атырауда жәбір көрген 840 әйел полицияға арызданған

1106

Атырау облысында 26 ақпан 1 наурыз аралығында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында "Тұрмыс" республикалық профилактикалық іс-шарасы өтуде.  

Былтыр Атырауда жәбір көрген 840 әйел полицияға арызданған

Былтыр ішкі істер органдарына 840 жәбір көрген әйелдер арызданған. Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73 бабымен, яғни "отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер" 1318 әйелдерге қатысты жасалған құқық бұзушылықтар анықталды.

ІІО-ның қызметкерлерімен "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйел адамдарға көмек көрсету" бөлімшеге 2020 жылдың 12 айында зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету мақсатында 79 адам яғни оның ішінде: 25 әйел адам, 54 жасөспірім балаларымен орналастырылды. Бүгінгі күні бөлімшеде 4 әйел адам және 8 жасөспірім орналасқан. Аталған бөлімшеден 450 (116 заңгерден, 55 психологтан және 279 әлеуметтік қызметкерден) әйел адам құқықтық кеңес алды.

Қазіргі таңда елімізде орын алған пандемияға байланысты жарияланған карантин уақытында отбасы-тұрмыста үй жағдайында туындайтын дау-жанжалдарды анықтау мақсатында "102" байланыс операторына келіп түсетін қоңыраулар бойынша  талдау жұмыстары жүргізілді.

Қазақстанда жанармай бағасының өсуіне көршілер әсер етіп отыр

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу