Былтыр бюджетке қанша салық түсті?

1093

Салықтың басым бөлігі мұнай мұнайға салынатын корпоративті табыс салығы мен кедендік баждан түскен.

Былтыр бюджетке қанша салық түсті?

Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылы мемлекеттік бюджетке қанша салық түскеніне қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Комитет дерегінше, 2021 жылы мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 103,6%-ға орындалған. 

"Жоспар 10 трлн 346,9 млрд теңге болған. Бірақ 377,4 млрд теңге көлемінде қосымша түсім түсіп, жалпы мемлекеттік бюджетке 10 трлн 724,3 млрд теңге салық түсті. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 25,3%-ға көп немесе 2 трлн 163,1 млрд теңге артық", – деп жазылған хабарламада.

Оның ішінде:
–  Республикалық бюджет 102,1%-ға орындалды (жоспар бойынша 6 трлн 913,8 млрд теңге, 144,1 млрд теңгеге асыра орындаумен 7 трлн 57,9 млрд теңге түсті), бұл 2020 жылмен салыстырғанда өсім 26,6%-ға немесе 1 трлн 482,1 млрд теңге.
– Жергілікті бюджет 106,8%-ға орындалған (жоспар бойынша 3 трлн 433,1 млрд теңге, 233,3 млрд теңгеге асыра орындаумен 3 трлн 666,4 млрд теңге түсті), бұл 2020 жылмен салыстырғанда өсім 22,8%-ға немесе 681,0 млрд теңге артық.

"2020 жылмен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдер өсімінің ең көп сомасы мұнайға салынатын корпоративті табыс салығы бойынша өсім – 34,2% немесе 533,7 млрд теңге, экспорттық кеден баждары бойынша өсім – 1,8 есе немесе 441 млрд теңге, ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы бойынша өсім – 34,7% немесе 235,8 млрд теңге, үшінші елдерден импортқа ҚҚС бойынша өсім – 23,1% немесе 149,3 млрд теңге, пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша өсім – 35,1% немесе 116,8 млрд теңге", – деп жазылған хабарламада.

Түсімдердің өсуіне төмендегі факторлар әсер еткен.

"2021 жылды 2020 жылмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға бағаның өсуі байқалады. Оның ішінде мұнайға 68,7%, мысқа 50,8%, алюминийге 44,2%, мырышқа 32,2%, күміске 22,5%, қорғасынға 20,4% және алтынға 1,7%. Мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 69,2%-ға өсті (2020 жылы 1 тоннаға орташа мөлшерлемесі – 37,9 доллар, 2021 жылы 1 тоннаға – 64,2 доллар)", – деп жазылған хабарламада.

Үшінші елдермен тауар айналымы бір жылда 14,1%-ға өскен (экспорт 25,8% өссе, импорт 6,2% төмендеген).

"2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда өткізу бойынша айналым 58,7%-ға өсті (93 231 млрд теңгеден 147 991 млрд теңгеге дейін). 2021 жылы бір салық төлеушіге онлайн бақылау-касса машиналарынан орташа түсімі 16,6%-ға артқан (38,3 млн теңгеден 44,7 млн теңгеге дейін)", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу