2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанда туристер мен демалушыларды 3 992 орналастыру орны қабылдады.
Орналастыру орындарының негізгі үлесін немесе 55% мейрамханасы бар/мейрамханасыз қонақүй, тағы 30% үйлер, коттедждер және пәтерлер құрайды.
Орналастыру орындарының түрлері:
- мейрамханасы бар және жоқ қонақ үйлер – 2225
 - демалыс үйлері – 93
 - пансионат – 32
 - балалар лагері – 113
 - ауылды жердегі үйлер, коттедждер, пәтерлер – 1210
 - туристік базалар – 58
 - кемпингтер – 40
 - хостел – 140
 - басқа түрлері – 81
 
Айта кетейік, Қазақстанда "5 жұлдыз" санатында 25 қонақ үй, "4 жұлдыз" санатында 56 қонақ үй бар, ал 2 104 қонақ үйдің қандай да бір санаты жоқ.
Өткен жылдың 12 айында орналастыру орындары 229,2 млрд теңгеге 8,1 млн адамға қызмет көрсетті, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 12,4% артық.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу