Былтыр Доңға кен орнында 677,3 мың тонна мұнай өндірілді

190

Жобадағы үлесті мемлекет сатып алған уақыттан бастап кен орнын игеру оң динамиканы көрсеткен.  

Былтыр Доңға кен орнында 677,3 мың тонна мұнай өндірілді Фото: t.me/kmgpress

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында орналасқан Доңға кен орнында өткен жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 677,3 мың тоннаға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2024 жылы бұл көрсеткіш 630 мың тонна деңгейінде болған, ал газ өндіру көлемі 51 млн м³-ден асты.

Компания кен орнындағы операциялық тиімділікті арттыруға бағытталған геологиялық-техникалық және басқа да өндірістік іс-шараларды іске асырды.

Биыл да "Dunga Operating GmbH" (60% үлесі "ҚазМұнайГаз" ҰК тиесілі) белгіленген өндірістік міндеттер аясындағы жұмыстарды жалғастырмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу