Былтыр экологтар 1,5 млрд теңгеге жуық айыппұл өндірген

976

Табиғатқа зиян келтірген 73 кәсіпорынның қызметі тоқтатылды.

Былтыр экологтар 1,5 млрд теңгеге жуық айыппұл өндірген

2020 жылы елімізде 7147 рұқсат етілмеген "қоқыс қалашығы" жойылған, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұловтың айтуынша, бұл істе "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясының көмегі тиген.

"Өткен жылы республика бойынша 1022 экологиялық тексеру жүргізілген. Бұл 2019 жылдан 2 есе аз. Дегенмен, экологиялық реттеу және бақылау комитеті 2,5 мыңнан астам экологиялық заңсыздықты анықтап, жолын кесті. Бассыздыққа жол берген кәсіпорындардан 253,64 млн теңге болатын 1000-нан астам әкімшілік айыппұл мен 1,2 млрд теңге мөлшерінде 500-ден астам ұйғарым өндірілді", - деген ол ескертуді елемеген кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылғанын да айтты. 

"Сот тәртібінде жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметін тоқтату туралы Әкімшілік және азаматтық істер қаралып, сот шешімімен 73 талап қанағаттандырылды", - дейді Ахметжан Пірімқұлов.

Вице-министр жыл бойында қоршаған ортаға асталатын қалдықтар мен шығарындылар 2019 жылмен салыстырғанда 94 мың тоннаға айзады деген дерек келтірді. 

"2020 жылы министрлік "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ-мен жұмысты күшейтіп, нәтижесінде 7147 рұқсат етілмеген қалдықтарды орналастыру орны жойылды. Туындаған стихиялық қоқыс орындарын жедел шешу мақсатында жедел желі іске қосылды. Азаматтар еліміздің кез келген жерінен фото және видео материалдары бар ақпаратты белсенді түрде жолдауда. Өткен жылы жедел желіге 1109 өтініш келіп түсті. Соның арқасында 742 қоқыс жәшігі жойылды", - деді вице-министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу