Алқалы кеңесте ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндама жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол еліміздің 2025 жылғы экономикалық даму қорытындылары мен биылғы жоспары туралы айтып өтті.
– Өткен жылы елдің жалпы ішкі өнімі 300 млрд АҚШ долларына, ал жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім шамамен 15 мың АҚШ долларына жетті. Экономиканың өсу қарқыны 6,5% болды. Бұл – 2012 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Экономиканың барлық саласында оң динамика қалыптасты. Жалпы ішкі өнімнің өсу үлесі негізінен өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік қызметі, құрылыс салаларына тиесілі, – деді Ұлттық экономика министрі.
Оның сөзінше, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім – 5,9%, ал оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 5%-ға жақындаған. Өткен жылы дәнді дақылдардан 27,1 млн тонна өнім жиналып, екінші жыл қатарынан рекорд орнатып отыр.
Бұған дейін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда қаласындағы Ұлттық құрылтайда Қазақстанның даму бағдарын сөз ететінін жазған едік.