Былтыр ел ішінде тоғыз млн адам сапарлады

636

Былтыр ішкі туризм қалпына келіп, коронадағдарысқа дейінгі көрсеткіштерді "басып озды". Көшпелі туризм пандемияға дейінгі деңгейден біршама қалып қойды. Бұл туралы ұлттық статистика бюросының 2021 жылғы сапар шығындарын зерттеу есебінде көрсетілген, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Былтыр ел ішінде тоғыз млн адам сапарлады Фото: Максим Морозов

Зерттеуге сүйенсек, тоғыз млн адам ел ішінде сапарлаған. Бұл көрсеткіш 2019-2020 жылдардан артық. Ал сыртқа шығушылардың саны 878,8 мың адам. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 8,3 пайыз артық болғанымен, 2019 жылғы кезеңнен 3,4 есе аз.

Қазақстандықтар көбінесе ел ішінде саяхаттайды, елден тыс жерлерге жеке мақсаттарымен шығады. Ел ішінде сапарлаушылар достары мен туыстарына қыдырып, жалпы демалуға, еңбек демалысына, дүкен аралауға барды. 

Көшпелі сапарлаушылар демалуға, еңбек демалысына, достары мен туыстарына, емделуге және сауықтыру рәсімдеріне барған. 

Іскерлік мақсатта 527,8 мың адам ел ішінде, 137,5 мың адам шекара сыртына барған. 

Сонымен былтыр үйлердің сапарға арнаған шығыны 524,9 млрд теңге болды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 31,9%-ға артық, бірақ дағдарысқа дейінг 2019 жылмен салыстырғанда 13,1%-ға аз.

Үйлердің сыртқа шығуға арнаған шығыны былтырғыдан бір жарым еседей (157,6 млрд теңге болды) артты, бірақ 2019 жылғы шығыннан екі еседей кем. 

Ішкі туризмге арнаған шығындары бір жыл ішінде 26,2%-ға (367,2 млрд теңге болды) өсті; сонымен қатар 2019 жылғы кезеңнен де артық – 18,6%-ға өскен.

Ішкі туризм үйлердің сапарға арнаған шығынының 70%-ын алады. Жеке мақсаттар үшін 333,1 млрд теңге, іскерлік және кәсіби мақсатта 34,1 млрд теңге жұмсады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу