Былтыр елімізде 100 миллиард теңге тиімсіз игерілген

469

Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата хабарлады.  

Былтыр елімізде 100 миллиард теңге тиімсіз игерілген Фото: egemen.kz

Палата өкілдері 30 млрд теңгеден астам бюджеттік сома бойынша қаржылық бұзушылықтарды анықтаған, деп жазады inbusiness.kz.

Іс құқық қорғау органдарына жолданды. Аудиторлар шамамен мың жарым процедуралық олқылықты әшкереледі. Оның ішінде инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бойынша жауаптылардың жүйесіз және бақылаусыз жұмысы сияқты қателіктері бар. Әсіресе, мемлекеттік сатып алу бойынша ашықтық жоқ. Кей жағдайларда тауарларды негізсіз жоғары бағамен сатып алған.

Аудиторлар сондай-ақ, құрылыс жобаларына жүргізілетін сараптама сапасы да сын көтермейді деген қорытынды шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу