Былтыр елімізде 19,3 мың жұп ажырасқан

1060

Елде неке саны бір жылда 9%-ға өскен, ал ажырасу саны 14%-ға азайған.

Былтыр елімізде 19,3 мың жұп ажырасқан

2021 жылы Қазақстанда 19,3 мың жұп ажырасқан, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,4%-ға төмен, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда елде 140,3 мың неке тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,9%-ға артық. Қалаларда неке саны бір жылда 12%-ға немесе 99,4 мыңға дейін, ал ауылдарда – 1,9%-ға немесе 40,8 мыңға дейін өскен. 

Өткен жылы 12 айда 19,3 мың жұп ажырасқан, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,4%-ға аз. Қалаларда ажырасу саны бір жылда 10,8%-ға немесе 14,9 мыңға дейін, ауылдарда – 24,5%-ға немесе 4,4 мыңға дейін азайған.

Ең көп неке Алматы қаласында тіркелді. Мұнда 18,8 мың жұп некелескен, 2020 жылмен салыстырғанда 18,8%-ға артық.

Үздік үштікке халық тығыз орналасқан Алматы (14 мың неке, бір жылда плюс 7,9%) және Түркістан (13,9 мың неке, бір жылда плюс 3,2%) облыстары енді. 

Ең аз неке Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді (3,5 мың жұп некеге тұрған), өткен жылмен салыстырғанда 19,9%-ға көп. 

Ажырасудың ең көп саны Алматы қаласы (2,6 мың), Алматы (2 мың) және Қарағанды (1,9 мың) облыстарына, ең азы – Қызылорда облысына (барлығы 437) тиесілі. 

Елдегі неке коэффициенті 1 000 адамға шаққанда 6,78-ден 7,29-ға дейін өсті. Некенің ең жоғары коэффициенті елордада тіркелді (1000 адамға 9,66). Үздік үштікте Алматы мен Атырау облыстары да бар.

Ажырасу коэффициенті 1 000 адамға шаққанда 1,18-ден 1-ге дейін төмендеді. Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында ажырасу дерегі азайған.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу