Былтыр елімізде 21,6 мың тонна уран өндірілді

980

 Қазақстан уран өндіруден әлемде бірінші орында.

Былтыр елімізде 21,6 мың тонна уран өндірілді

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында ҚР энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Қазақстанда уран өндірудің көлемі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біз уран қоры бойынша әлемде екінші орындамыз. Оның қоры 1,5 млн тоннаға бағалануда. Өндіру бағытында біз әлемде бірінші орындамыз. Былтыр 21,6 мың тонна уран өндірдік. Жалпы, ресурстық базаны ары қарай кеңейту бойынша елеулі перспективалар бар. Ұлттық компания алдында толық отын циклін құру тұрғысында тиісті міндет тұр", – деді Әсет Мағауов.

Осы орайда, вице-министр Өскеменде қажетті зауыт салынып жатқанын, 2019 жылы бұл зауыт пайдалануға берілетінін атап өтті.

"Сонымен бірге, Үлбі зауытында қытайлық серіктестер үшін таблеткаларды өндіру іске қосылды. Бізде ұлттық ядролық орталық аясында зерттеу реакторлары бар, оларда радиациялық қауіпсіздік бойынша түрлі материалдарды зерттеу жүргізіледі", – деді ол.

Мұнымен қоса, Әсет Мағауов Қазақстанда "Тоқамақ" зерттеу реакторы салынғанын еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу