Былтыр елімізде 230 мың тонна күнбағыс майы экспортталды

376

Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп.

Былтыр елімізде 230 мың тонна күнбағыс майы экспортталды Фото: inbusiness.kz

Қазақстанның күнбағыс майымен отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етілуі былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 131%-ға жетті. Бүгінде республикада 537 мың тоннадан астам май шығарған 54 кәсіпорын жұмыс істейді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Былтыр күнбағыс майының экспорты 230 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп. Импорт 100 мың тоннадан аспады.

Айта кетейік, жыл сайын күнбағыс егістік алқаптары кеңейіп келеді. Мәселен, 2022 жылы 1,09 млн га егілді, биылғы алқап 66,7 мың гектарға артық. Өнім көлеміде өсіп жатыр, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 1,3 млн тонна күнбағыс жиналды, 2021 жылмен салыстырғанда 164 мың тоннаға көбейген.

Күнбағыс майын өндіру бойынша, 2023 жылдың 6 айында 253 мың тонна өндірілді. Қазақстан 146,1 мың тонна отандық өнімді экспорттады, көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 30%-ға өсті. Сонымен қатар, импорт қысқарып, елге 38,7 мың тонна май әкелінген.

Ішкі нарықтағы күнбағыс майының құны сәуір айында Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктері мен Ұлттық майлы дақылдарды өңдеушілер қауымдастығы қол қойған бағаны тұрақтандыру іс-қимыл жоспарына сәйкес реттеледі.

Статистика деректеріне сәйкес, маусым айында наурыз айымен салыстырғанда тазартылмаған майдың сату бағасы тоннасына - 422,5 мың теңгеге дейін (наурызда – 513,4 мың теңге болған), тазартылған майдың тоннасы 631,6 мың теңгеге дейін (наурызда – 701,4 мың теңгені құраған) төмендегені байқалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу