Форумның ашылуында Премьер-министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін оқыды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Еліміздің орнықты экономикалық өсуіндегі машина жасау саласының рөліне ерекше назар аударылды.
– Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі машина жасау саласының үлесі соңғы бес жылда 13%-дан 19%-ға дейін өсті. Былтыр өндіріс көлемі 4,6 трлн теңгеге жетті. Жаңа өнім түрлері шығарылып, тауар экспорты да айтарлықтай артты. Ел нарығына ауыл шаруашылығы техникаларын, автобустар, жеңіл және жүк көліктерін жасайтын жаңа компаниялар келді. Биыл Қазақстанда әлемдегі ірі компаниялардың жоғары технологиялы кәсіпорындары іске қосылады. Мұның бәрі – мемлекеттің отандық өндірісті қолдауға қатысты жүйелі шараларының жемісі", – деп атап өтілген құттықтау хатта.
2024 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 10% өсті. Осы жылдың I тоқсанында аталған көрсеткіш 17%-дан асты, бұл саланың жоғары әлеуетін және қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді.